ЖоғарыЖоғары
Школа

Сайт-портфолио Кункенова Жанар Амангельдиновна

Қостанай қаласындағы № 9 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Әдістемелік жұмыс

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Әдістемелік жұмыс - бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.

Әдістемелік жұмыс - педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол - оқу - тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты - оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

2014-2015 оқу жылы мен математика, физика, информатика әдістемелік бірлестік жетекшінің жұмысын атқара бастадым.

2014 - 2015 оқу жылындағы мектептің әдістемелік тақырыбы. «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары»
Математика, физика, информатика әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Математика, физика, информатика пәндері бойынша инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын, интелектуалды білім біліктігін, шығармашылық қабілеттілігін арттыру»

Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауттылығын, шығармашылық қабілеттілігін арттыру мақсатында математика, физика, информатика пән мұғалімдерінің оқу үрдісінде жаңа технологиялық элементтерді белсенді қолдануды арттыру.

Міндеттері:
  • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу;
  • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;
  • Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар;
  • Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
  • Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
  • Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Әдістемелік бірлестіктің құрамы:
Кункенова Жанар Амангелдіқызы
Әдістемелік бірлестік жетекшісі
Информатика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 16 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: бірінші.
Молдахаликов Әсемхан Нұртазаұлы Математика пәнінің мұғалімі, директор
Педогогикалық еңбек өтілі: 26 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: жоғары.
Бусаганова Сақыжан Жұмабайқызы Физика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 34 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: жоғары.
Нок Гүлжауһар Нағашыбайқызы Математика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 32 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: бірінші.
Исмагулова Күлпараш Әуезханқызы Математика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 22 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: бірінші.
Аканова Инеш Муратбековна Математика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 22 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: бірінші.
Минасова Гүлжан Қабдолақызы Математика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 7 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: бірінші.
Тяжина Татьяна Талғатқызы Математика пәнінің мұғалімі
Педогогикалық еңбек өтілі: 2 жыл
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: екінші.
Әдістемелік бірлестіктің құжаттары