ЖоғарыЖоғары
Школа

Сайт-портфолио Кункенова Жанар Амангельдиновна

Қостанай қаласындағы № 9 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Сыныптан тыс жұмыс

«Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу».
А. С. Макаренко

Қазақ мектебінде тәрбие жұмысым 2009 жылдан басталды. Сол жылы мен сынып жетекшілік қызметін атқара бастадым. 7 «А» сыныбына жетекші болдым. Бірінші күннен бастап балаларды өзіме тарта білдім, кейбір тәртібі қиын оқушылармен де жұмыс істей білдім. Сыныптағы барлық оқушылармен де, олардың ата-аналарымен де тіл табыса білдім. Осы сыныппен 5 жыл жұмыс жасадым. 2014 жылы сыныбым мектепті бітірді.

Сынып оқушылары (слайд-шоу):
2014-2015 оқу жылы 5 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі болып жұмыс жасап жатырмын.

Мектептің мақсаты: Жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің саласы мен деңгейін көрсету үшін тәрбие үрдісіндегі-әдістемелік құралдар мен мүмкіндіктердің барлығын тәрбие жұмысына бағыттау. Салауатты өмір салтын ұстанған, шығармашыл, ұлттық және жалпы азаматтың мәдени құндылықтарын қалыптастырған еліміздің патриотн тәрбиелеу.

Сыныптың мақсаты: Сынып оқушыларын тәрбиелеуде оқушылардың бойында адамгершілік,рухани,патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру. Салауатты өмір салтын ұстанатын, шығармашыл, жан-жақты тұлға тірбиелеу.

Міндеттері:
  1. Азаматтық-патриоттық тәрбие;
  2. Рухани адамгершілік даму;
  3. Этностық толеранттылық пен қоғамдық келісім;
  4. Құқықтық тәрбие;
  5. Салауатты өмір салты;
  6. Жастар бастамасын қолдау;
  7. Отбасы тәрбиесі;
  8. Қыз бала тәрбиесі;
  9. Экологиялық тәрбие.
5 "Ә" сынып: фотожинақ-2015
2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері: Тәрбие сағаттарының әзірлемелері Ата-аналармен жұмыс