ЖоғарыЖоғары
Школа

Сайт-портфолио Кункенова Жанар Амангельдиновна

Қостанай қаласындағы № 9 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Негізгі бет

"Адамдардың ең жақсысы − басқаларға пайдасы тигені"
Абай
Эссе
Мен мұғаліммін

Мен мұғаліммін... Осы бір ауыз сөзде талай сыр, талай мағына жатыр десеңші. Өзін «мұғалім» деп санайтын адам қандай болу тиіс? Әрине, ол – саналы да, сапалы да білім беретін жеке тұлға... Әріптестерім, оқушыларым менің бойымнан әрқашан да білімді, жан-жақты, алға қойған мақсатына жете алатын адамды көру керек. Жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, үнемі алға ұмтылу және өз ісіне талдау жасай білу, ізіңді басып келе жатқандардың қателеспей, жақсы нәтиже көрсету үшін болашаққа зор үмітпен қарау – мұғалімнің басты міндеттері. Мектеп дегеніміз – мекеме және оны құрайтын ұжымнан тұрмайды. Бұл – қызуы қайнаған тіршілік ордасы. Ел болашағының тағдыры, яғни оқушы тағдыры осы ордадан бастау алатыны анық. Сол үшін де мұғалім өмірі – тоқтаусыз ізденіс, талдау жұмыстарына қиындық пен қызыққа толы. Қазіргі өмір өте жоғары деңгейлі. Мен жаңа білім беру саласына да жаңа үлгідегі технологияны меңгерген мәдениет пен өнер саласына әрқашан дайын болуым керек. Сондықтан өз ісімнің маманы болуға деген ұмтылыс мені және менің оқушыларымды жан-жақтылыққа жетелейді және нағыз маман болу үшін мен үнемі ізденіп, өздігімнен үйреніп, ойлағанымды іске асыруым қажет. Міне, осындай мұғалім ғана өз білім нәрімен сусындататын, оқушылардың алдына мақсат қойып, үнемі ізденуге, жарқын болашаққа ұмтылуға тәрбиелей алады. Менің еңбегімнің негізі – көңіл қалауымен алға ұмтылуда жатыр. Бұл балаларға, өз ісіне және сені қоршаған адамдарға деген ізгі сүйіспеншілік.

Мұғалімнің жеке парағы

Аты жөні: Кункенова Жанар Амангелдіқызы

Туған жылы, күні: 22 шілде 1972 ж.

Мекен жайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы

Еңбек өтілі: 18 жыл

Мұғалімдік еңбек өтілі: 17 жыл

Санаты: Бірінші

Қызмет ету орны: Қостанай қаласы, № 9 орта мектебі

E-mail: janara34@mail.ru

Ұлты: Қазақ

Жалпы ақпарат:
  • Білімі: Жоғары 1990-1995 жж. ҚМУ, физика-математикалық факультеті, «математика және информатика» маманы;
  • 1996-1997 жж. – Қостанай қаласы, № 3 ОМ , математика пәнінің мұғалімі;
  • 1998-2001 жж. – Қостанай қаласы, № 9 ОМ , информатика пәнінің мұғалімі;
  • 2001-2003 жж. – Сарыкөл ауданы, Вишневка негізгі мектебінің информатика пәнінің мұғалімі;
  • 2003-қазіргі уақытта – № 9 орта мектеп, информатика пәнінің мұғалімі.
Білімін жетілдіру курстары:
  1. Жаңа технологиялардың аймақтық орталығы, 1999 ж. «Іс қағаздарын жүргізу» курсы;
  2. Білім беру жүйесіндегі ғылыми - педагогикалық кадрлар мен жетекшілердің білімін жетілдіру курсы, Республикалық институты 1999 ж.;
  3. Жаңа технологиялардың аймақтық орталығы, 2000 ж. «Visual Basic бағдарламасының негіздері» курсы;
  4. Жаңа технологиялардың аймақтық орталығы, 2005 ж. «Білім жүйесін ақпараттандыру» курсы;
  5. ИПК и ПРО, 2006 ж. «Паскаль бағдарламасы бойынша білім беру әдістері» курсы;
  6. 2007 ж. «MERITS» жаттықтыру бағдарламасы;
  7. "12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде мектептің негізгі сатысында информатиканы оқытудың ерекшеліктері" курсы, 2008 ж.;
  8. «Жергілікті есептеуіш желісін және он-лайн режимінде интерактивтік сабақтарды басқару» курсы, 12-16 сәуір 2010 ж. аралығында;
  9. «Современный урок, каким ему быть, от инновационных теорий к действию», «Ofsted» жеке мекемесі, қашықтық курсы, 23-30 сәуір 2015 ж. аралығында.
Лицензия: 2011 жылы 28 қаңтар, серия КСТ, № 1296 «TurboPascal программалау тілі», 9 сыныпқа арналған электронды құрал жасағаны үшін берілді. Жарияланымдар: 2015 жыл, "Қостанай Дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы. "Современное образование в условиях инновационного развития: проблемы, перспективы развития" тақырыбындағы ғылыми - практикалық конференция мақалалар жинағына "Білім сапасын арттырудағы білім беру технологиялары" тақырыбындағы мақала жазылды.
ISBN 978-601-278-785-6
2015 жыл, «Білім-Арна» Қазақстандық педагогикалық журналдар қауымдастығы, РЕСПУБЛИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫ, 3 кітап, Алматы 2015 «Оқиға, объект, қасиеті мен әдістері. TextBox мәтіндік өрісі» тақырыбына сабақ жоспары жарияланды.